"Манчестер Юнайтедте" жаңа Роналду табылды

10 желтоқсан 2019 18:16
© Football-Fun.ru
"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер шабуылшы Маркус Рашфордты қазір "Ювентусте" өнер көрсетіп жүрген команданың бұрынғы ойыншысы Криштиану Роналдуға теңеді. 

"Маркусты Роналдуға теңеу оңай. Екеуінде де сұмдық дриблинг, қозғалыс пен мінез бар. Біздің жігіт әлемнің үздік футболшысы атануы әбден мүмкін. Осы бетінен қайтпайды деген үміттеміз. Қанша гол салғаны жайлы сөйлегім келмейді. Қақпаға доп ұру мүмкіндігі барда гол сала береді", - деп келтіреді Сульшердің сөзін Sky Sports.

АПЛ-дің биылғы маусымында Рашфорд 16 матчте ойнап, он гол салды және бес нәтижелі пас берді. Чемпионатта "Манчестер Юнайтед" 24 ұпаймен бесінші орында.

Айта кетейік, Роналду "МЮ" сапында 2003 пен 2009 жылдар аралығы ойнады. Осы командамен ол тоғыз трофей ұтқан, оның ішінде Чемпиондар лигасы мен Англия чемпионатын үш рет.