"Манчестер Юнайтедті" тас-талқан еткен "Ливерпуль" АПЛ-дің көш басына шықты

©Sportbox

"Ливерпуль" Англия чемпионатының 30-турында "Манчестер Юнайтедті" ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ливерпульдегі "Энфилд" стадионында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Гол авторлары: Луис Диас (5-минут), Мохамед Салах (22 және 85) және Садио Мане (68).

Осылайша, "Ливерпуль" 76 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. "Манчестер Ситиде" (74 ұпай) бір матч кем ойнағандықтан, көш басына оралуға мүмкінідігі бар. "МЮ" 54 баллмен тек алтыншы.

"Ливерпуль" келесі ойынын 24 сәуір "Эвертон" командасына қарсы өткізеді, ал "МЮ" одан бір күн бұрын "Арсеналмен" ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport