"Манчестер Юнайтед" Криштиану Роналдудың орнын басатын футболшы тапты

©ESPN

"Манчестер Юнайтед" командасына "Ювнетустің" бұрынғы шабуылшысы Пауло Дибаланы сатып алу туралы ұсыныс түсіпті, деп жазады ESPN порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, туриндік командадан кетіп, еркін агент болып жүрген Дибаланы агенттер осы "МЮ" клубына ұсынған. 

Осыған дейін аргентиналық шабуылшыға миландық "Интер" қызығушылық білдірген болатын. Бірақ команда "Челсиден" Ромелу Лукаку келгеннен кейін, Дибаланы алу туралы ойынан айнып қалған. Енді шабуылшының өкілдері оны ағылшындық команданың қатарына қоспақшы. 

Диабала "Манчестер Юнайтед" сапында Криштиану Роналдудың орнын басуы мүмкін. Себебі, португалиялық шабуылшы команда сапына қосылмай, басқа ұжымға ауысқысы келіп жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport