"Манчестер Юнайтед" трансферлерге 140 миллион фунт кредит алуға мәжбүр

Сурет: GETTY IMAGES
"Манчестер Юнайтед" бас бапкер Уле Гуннар Сульшердің алдағы трансферлік кезеңде футболшылар алуға жаратылуы мүмкін 140 миллион фунтты кредитке алды, - деп хабарлайды Manchester Evening News.

Коронавирус пандемиясы салдарынан болған қаржылық дағдарыс футболға қатты әсер етті. Осылайша, "МЮ" клубының өткен бейсенбідегі қаржылық есебі трансляция мен өзге де сатылымдардан кірістің төмендегенін және 429,1 миллион фунт таза шығынға батқанын көрсетті.

Осыған байланысты "Юнайтед" 2025 жылға дейін ашуға рұқсат 150 миллион кредиттен бірден 140 миллион фунт алған. Бұл қарыздың агенті мен демеушісі Bank of America. Көптеген клуб жаңа ойыншы алуға кредит қаржысын қолданғысы келмейді. Алайда сатып алатын ойыншылардың трансфері сатылымнан асып тұрса, мұндай қадам орынды. 

"Манчестер Юнайтед" 29 турда 45 ұпай жинап, Англия чемпионатында бесінші келеді.
Жаңалықтар