"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы маусым соңында командадан кетеді

©Reuters

Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" пен Уругвай құрамасының шабуылшысы Эдисон Кавани маусым соңында командадан кетеді. Бұл туралы Todofichajes порталы хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Еуропада өткізген он жылдан кейін Кавани отбасына, Оңтүстік Америкаға көшкісі келеді. Шабуылшы "Манчестер Юнайтед" сапында жыл соңына дейін ойнап, содан соң еркін агент ретінде кетеді. 

Осыған дейін бірнеше БАҚ өкілдері Эдисон Каванидің маусым аяқталған соң командамен келісімшарт ұзартпайтынын хабарлады. Оның келісімі 2021/22 жылғы маусымның соңында аяқталады. 

Айта кетейік, 35 жастағы Кавани "МЮ" клубына 2020 жылдың қазан айында қосылды. Биыл ол Ағылшын біріншілігінде 12 кездесуге қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport