"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы "Барселонаға" ауысуға ниетті

2 желтоқсан 2021 22:38
©"Манчестер Юнайтед" ФК

"Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Эдинсон Кавани келесі жазда аяқталатын келісімшартын ұзартқысы келмейді. Уругвайлық шабуылшы маусымда испаниялық "Барселонаға" ауысуға ниетті, деп хабарлайды The Times басылымы. 

"Барселона" командасы да бұл шабуылшыны қатарына қосқысы келеді. Оның үстіне Кавани келесі жылы еркін агент болады. Дәл қазір каталониялық командада шабуылшымен келісімшарт жасауға ақшасы жоқ. Сол үшін команда 2022 жылдың жазында шабуылшыға ресми ұсыныс жасайды. 

Еске салайық, Кавани "Манчестер Юнайтед" сапында еркін агент ретінде 2020 жылдық қазан айында қосылды. Биыл ол Англия чемпионатында бес кездесуге қатысып, бір гол соқты. Қазір ол жарақатын емдеп жатыр. 

Осы уақытқа дейін Эдисон Кавани ПСЖ, "Наполи", "Палермо" және "Дунбио" командалараның намысын қорғаған. Transfermarkt порталы шабуылшыны 6 миллион еуроға бағалап отыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: