Футбол
Бүгін 15:58

"Манчестер Юнайтед" Сәтбаев ойнайтын "Бернлимен" келіссөз бастады

© "Бернли" ФК

"Бернли" футбол клубы "Манчестер Юнайтедпен" ағылшындық қорғаушы Харри Амасстың ықтимал трансфері бойынша алдын ала келіссөз өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бернли" МЮ ойыншысымен сапын күшейтпек

Sky Sports мәліметінше, 19 жастағы сол қапталдағы қорғаушы жазғы трансферлік кезеңнің соңғы күнінде манкуниандық клубтан кетуі мүмкін. "Бернли" футболшыны толықтай сатып алмақ. Дегенмен оны жалға алу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.

Амасса - "Манчестер Юнайтед" академиясының түлегі. Алдағы уақытта тараптар ықтимал мәміленің форматына қатысты ортақ шешімге келуі тиіс.

"Бернлиде" Қазақстан құрамасының ойыншысы өнер көрсетеді

Айта кетейік, жаңа маусымнан бастап "Бернли" сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев өнер көрсетіп жүр. Форвард лондондық "Челсиден" бір жылға жалға алынған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport