"Манчестер Юнайтедке" оралған Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду АПЛ-дегі табысы ең жоғары футболшы атанды, деп хабарлайды Daily Mail.
Мәлімет бойынша, 36 жастағы форвардтың апталық табысы - 560 мың еуро.
Табысы ең жоғары футболшылар тізімінде екінші "Челси" шабуылшысы Ромелу Лукаку, ол аптасына 525 мың еуро алады. Ал үшінші "Манчестер Сити" ойыншысы Кевин де Брюйне (450 мың).
Роналду "Ювентустен" англиялық клубқа өтерде еңбекақысын азайтуға келіскенін айта кетейік.