"Манчестер Юнайтед" Рафаэль Варанды сапына қосатынын хабарлады

Сурет: eurosport

"Манчестер Юнайтед" Рафаэль Варанның мадридтік "Реалдан" ауысып келуі бойынша келісімге келді. Бұл туралы англиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

"Клуб Варанның ауысуы туралы "Реалмен" келісімге келгенін қуанышпен хабарлаймыз. Ойыншы медициналық тексерістен кейін келісімшартқа қол қояды", - делінген "МЮ" хабарламасында. 

Келісімшарт 2026 жылға дейін есептелмек, ал футболшының трансфері 40-тан 50 миллион еуроға дейін барады деп болжанып отыр.

28 жастағы Варан "Реал" сапында 2011 жылдан бері ойнады. Сонымен қоса, ол франциялық "Ланс" клубында өнер көрсеткен. Ал 2013 жылдан бері Франция құрамасына шақыртылып келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар