"Манчестер Юнайтед" Погбаның командадан кеткенін хабарлады

©Reuters

"Манчестер Юнайтед" франциялық жартылай қорғаушы Поль Погбаның командадан кеткенін хабарлады. 

Клуб 29 жастағы футболшы маусым соңында келісімшарт аяқталысымен еркін агент ретінде кететінін растады. 

"Команданың барлық өкілдері Погбаны "Манчестер Юнайтед" сапындағы еңбегі үшін алғыс білдіреді. Алдағы уақытта біз оған тек сәттілік тілейміз", - делінген клуб таратқан мәліметте. 

Поль Погба "Манчестер Юнайтед" сапына алғаш рет 16 жасында келген еді. 2012 жылы ол "Ювентус" сапына ауысты. Бірақ 2016 жылы ол 105 миллион еуроға ағылшындық командаға қайта ауысты. 

Ол жалпы "МЮ" сапында 233 кездесу өткізіп, 39 гол соғып, 51 нәтижелі пас берді. Ағылшындық командамен жартылай қорғаушы 2017 жылы Еуропа лигасы мен Англия кубогінің жеңімпазы атанды. 

Қазіргі уақытта Погбаға франциялық ПСЖ, италиялық "Ювенус" және испаниялық "Реал" қызығушылық білдіруде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport