"Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Тоттенхэмді" ұтты

©AP Images

Футболдан Англия чемпионатының 12-турында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Тоттенхэмді" ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Олд Траффордтағы" матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. "Қызыл сойқандардан" 47-минутта Фред көзге түссе, 69-минутта капитан Бруну Фернандеш командасының екінші голын соқты.

Ойын барысында Эрик Тен Хаг шәкірттері 28 соққы жасап, оның онын қақпаға дәл бағыттады. Осы жеңісінің арқасында "Манчестер Юнайтед" 19 ұпаймен турнир кестесіндегі 5-орнынды сақтап қалды.

Енді "МЮ" келесі кездесуін 13-тур аясында қонақта "Челсиге" қарсы өткізеді. Ойын 22 қазанға жоспарланған. Ал "Тоттенхэм" 23 қазан күні өз алаңында "Ньюкасл Юнайтедті" қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport