"Манчестер Юнайтед" ойыншысын тонап кетті

©МЮ

22 жастағы "Манчестер Юнайтед" клубының ойыншысы Тахит Чон қарақшылардың құрбаны болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Белгілі болғандай түнгі сағат үштер шамасында қарақшылар футболшының үйіне кіріп, мойнына пышақ тақаған. Нәтижесінде 1 мың фунт болатын бағалы заттарды алып кеткен.

Осылайша, Чон "МЮ" сапында тоналған кезекті ойыншы атанып отыр. Осыған дейін Поль Погба, Виктор Линделеф және Джесси Лингард сынды футболшылар да қарақшылар құрбаны болды.

Қазіргі таңда Тахит "Бирмингем Сити" клубында жалда жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport