Бір кездері танымал болған қазақстандық арбитр Сергей Уфимцев футболға қайта оралып, инспекторлық қызметін бастады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
62 жастағы алматылық маман клубтық әлем чемпионатында қызмет еткен жалғыз қазақстандық. Ол 2000 жылы Бразилияда өткен турнирде жұмыс істеген. Қазақстандық маманның қоржынында лайнсмен ретінде үш ойын бар. Оның ішіне "Маракана" стадионында 50 мың жанкүйер алдында өткен "Манчестер Юнайтед" командасының ойыны да кіреді.
Төреші ретіндегі мансабын Уфимцев 2004 жылы аяқтап, кәсіпкерлікке бет бұрған еді. Енді араға 17 жыл салып, ол жасыл алаңға инспектор ретінде қайта оралды. Жуырда ғана ол Қазақстан Кубогінің іріктеу кезеңіндегі "Екібастұз" бен "Ақсу" арасындағы ойынында қызмет етіп үлгерді.