"Манчестер Юнайтед" нашар көрсеткіш үшін Роналдудың айлығын қысқартады

©Eurosport

"Манчестер Юнайтед" маусым қорытындысы бойынша АПЛ-де төртінші орыннан төмен түсіп қалса, шабуылшы Криштиану Роналду айлығының біраз бөлігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.

Қазіргі таңда португалиялық ойыншы аптасына 458 мың еуро алады. Ал айлығын төмендетсе, ол 345 мың еуроны құрамақ.

Мұның алдында "Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасына шыға алмаса 36 жастағы футболшы басқа клубқа ауысатыны хабарланған еді. Криштиану Еуропаның чемпиондар кубогын алты рет жеңіп алған "Реал" ойыншысы Франсиско Хентоның рекордын қайталағысы немесе одан асып түскісі келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport