"Манчестер Юнайтед" Криштиану Роналдумен келісімшартты бұзатын болды

©"МЮ" ФК

"Манчестер Юнайтед" шабуылшы Криштиану Роналдудың соңғы берген даулы сұқбатынан кейін онымен келісімшартты бұзатын болды. Қазіргі уақытта клуб заңгерлермен кеңесіп, келісімшартты қалай бұзуға болатынын қарастыруда, деп жазады Daily Mail порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "МЮ" басшыларының пікірінше, көпшіліктің алдында команда мен клуб қызметкерлерін сынап, Роналду келісімді бұзған. Осыған байланысты ағылшындық команда шабуылшыға ешқандай шығын төлемей, келісімшартты үзбекші. Португалиялықтың командамен қазіргі келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады. Ол уақытқа дейін Криштиану командадан 18,4 миллион фунт стерлинг айлық алу керек болатын. 

Еске салайық, 37 жастағы шабуылшы журналист Пирс Морганға сұқбат беріп, онда "МЮ" командасының инфраструтурасын, команданың бұрынғы бапкері Ральф Рангник және қазіргі бапкері Эрик тен Хагты сынап тастаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар