"Манчестер Юнайтед" Қазақстанда "Астанамен" өтетін матчке құрамын жариялады

© Sport.ua
Англиялық "Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасындағы "Астанамен" матчке келген құрамы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндағы алты футболшы алдағы ойында басты команда үшін алғаш ойнайды. Ал ең белгілі футболшылар Англия құрамасы үшін ойнаған Люк Шоу мен хавбек Джесси Лингард қана. 

Бүгін, 27 қарашада "МЮ" ойын алдында жаттығу өткізеді.

"МЮ" құрамы:

Қақпашылар: Ли Грант, Матей Коварж;

Қорғаушылар: Люк Шоу, Макс Тейлор, Аксель Туанзебе, Теден Менги, Дишон Бернард, Итан Лейрд;

Жартылай қорғаушылар: Джесси Лингард, Дилан Левитт, Итан Галбрейт, Арнау Пуигмал, Джеймс Гарнер, Тахит Чонг, Эйнджел Гомес;

Шабуылшылар: Мейсон Гринвуд, Ларджи Рамазани, Д'Мани Бугейл-Меллор.
Жаңалықтар