"Манчестер Юнайтед" жаңа бас бапкерімен келісімшарт жасады

©soccer365.ru

"Манчестер Юнайтед" неміс маманы Ральф Рангникпен келісімшарт жасады. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романа хабарлады. 

Келісімшарт жыл соңына дейін жасалған. Содан соң Рангник "Манчестер Юнайтед" сапында екі жыл кеңесші болып қызмет атқарады. Маман жаңа бас бапкердің тағайындалуына, футболшылармен келісімшарт жасауына қатысады. Жуық арада "Манчестер Юнайтед" Рангниктің қызметке тағайындалғанын ресми хабарлайды. 

Қазіргі уақытта ағылшындық команданың тізгінін Майкл Кэррик ұстауда. Рангник тағайындалғаннан кейін Кэррик және бас бапкерлер неміс маманының көмекшісі болады. 

Еске салайық, осыған дейін Рангник мәскеулік "Локомотив" клубында қызмет атқарған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: