1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:32
 

"Манчестер Юнайтед" жаңа бас бапкерді таныстырды

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Юнайтед" жаңа бас бапкерді таныстырды ©

Англиялық маман Майкл Кэррик "Манчестер Юнайтед" клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

blog.share

Англиялық маман Майкл Кэррик "Манчестер Юнайтед" клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

44 жастағы маманмен жасалған келісімшарт маусымның соңына дейін есептелген. Кэрриктің бапкерлік штабына Стив Холланд, Джонатан Вудгейт, Трэвис Биннион, Джонни Эванс және Крейг Моусон кіреді.

Кэрриктің жетекшілігіндегі "Манчестер Юнайтедтің" алғашқы ойыны "Манчестер Ситиге" қарсы дерби болады. Командалар 17 қаңтарда Англия премьер-лигасының 22-туры аясында кездеседі. Матч Манчестер қаласындағы "Олд Траффорд" стадионында өтеді.

Кэррик 2006 жылдан 2018 жылға дейін "Манчестер Юнайтед" сапында ойнады. Осы кезеңде бұрынғы жартылай қорғаушы барлық турнирде 464 матчқа қатысып, 24 гол соғып, 35 нәтижелі пас берді. Ол клубпен бірге АПЛ-ды бес рет жеңіп алған және Англия Кубогын, Лига Кубогын (екі рет) және ел Суперкубогын (алты рет) иеленді, сондай-ақ, Чемпиондар лигасын, Еуропа лигасын және клубтық әлем чемпионатын ұтты.

"Манчестер Юнайтедке" тағайындалғанға дейін маман "Мидлсбро" клубын жаттықтырған.


5 қаңтарда "Манчестер Юнайтед" Рубен Аморимнің қызметтен босатылғанын жариялады. Бас бапкердің міндетін уақытша Даррен Флетчер атқарды, оның жетекшілігімен "қызыл сайтандар" Англия чемпионатында "Бёрнлимен" (2:2) тең ойнап, ел Кубогында "Брайтоннан" (1:2) ұтылды. Флетчер 18 жасқа дейінгі командамен жұмысын жалғастырады.

Қазіргі таңда "Манчестер Юнайтед" АПЛ кестесінде жетінші орында тұр. Команданың еншісінде 21 матчтан кейін 32 ұпай бар. Төртінші орыннан айырмашылық үш ұпайды құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!