"Манчестер Юнайтед" футболшылары Погбадан құтылуға асығып отыр

© skysports.com
"Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Поль Погба жазғы трансферлік кезеңде клубтан кеткісі келеді, - деп хабарлайды Manchester Evening News.

Погба бұл туралы командаластарына ескерткен. Ал "МЮ" футболшылары франциялық ойыншының кетуін қалайтын болып шықты. Олардың пікірінше, Погбаның ойы қазір "Манчестер Юнайтедпен" емес, ал бұл команданың ішкі көңіл-күйіне кері әсер етеді. Дегенмен франциялық шабуылшы әлі де командадағы маңызды тұлға. 

Погба "Манчестер Юнайтедке" туриндік "Ювентустен" 2016 жылы жазда 105 миллион еуроға өткен. Англия премьер-лигасындағы осы маусымның жеті мтчінде франциялық екі нәтижелі пас берді.

Қаңтарда футболшы тобығына ота жасатқан, қазір жарақатынан сауығып жатыр. 
Жаңалықтар