"Манчестер Юнайтед" футболшылары жеке демеушілердің киімінен айырылды

4 желтоқсан 2019 13:58
© football24.ua
"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер команда ойыншылары үшін дресс-кодты қатаңдатты, - деп хабарлайды The Times.

Норвегиялық маман футболшылардың матчке тек клуб киімінде келуін талап етуде. Сульшер мен оның көмекшілеріне клубтың кей футболшылары жеке демеушілердің киімдерін киетіні ұнамайды - кепкалар мен өзге аксессуар. 

Манчестерліктердің барлық турнирлердегі жеңіссіз сериясы үш матчқа жетті. 14 тур қорытындысы бойынша "МЮ" АПЛ турнир кестесінде оныншы келеді.