"Манчестер Юнайтед" Эрик тен Хагпен келіссөз жүргізді

©chelseablues

"Манчестер Юнайтед пен "Аякс" бас бапкері Эрик тен Хаг келіссөз жүргізді. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады. Белгілі журналисттің айтуынша, "Аякста" тен Хагтың көмекшісі болған Митчел ван дер Гаг та ағылшын командасымен келісімшарт жасасуда.

Эрик тен Хаг пен "қызыл сойқандар" келісе алған жағдайда голландиялық маман қызметінен уақытынан ерте кеткені үшін "Аякс" клубына 2 миллион еуро айыппұл төлейді.

Еске салайық, маусым барысында Уле Гуннар Сульшердің орнына "МЮ" тізгіні Ральф Рагникке сеніп тапсырылған еді. Енді чемпионат аяқталысымен Англияның ең беделді клубына тен Хаг келуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport