"Манчестер Юнайтед" ең қымбат жас футболшы үшін рекордқа бармақ

Сурет: Eurosport
Дортмундтық "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Джейдон Санчо "Манчестер Юнайтедпен" жеке келісімшартының мән-жайы бойынша келісімге келді, - деп хабарлайды The Sun.

Санчо англиялық клубпен келісімшарт ұзақтығы, еңбекақысы мен қосымша төлемдер бойынша келісімге келген екен. Ал ойыншы тарнсфері үшін төленетін сомма "МЮ" үшін рекордты болмақ. Осы уақытқа дейін манкуниандықтар үшін ең қымбат трансфер франциялық жартылай қорғаушы Поль Погба "Ювентустен" ауысқанда болған - 102 миллион еуро. 

Англия құрамасының футболшысы "Боруссияда" 2017 жылдан ойнап келеді. Жартылай қорғаушының германиялық клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген. 

Биылғы маусымда Санчо "Боруссия" үшін барлық турнирде 35 матчте ойнап, 17 гол салды. 20 жастағы футболшы Англия құрамасымен өткізген 11 ойында екі гол соқты. 

Футболдағы ең қымбат жас ойыншының есімі белгілі болды