"Манчестер Юнайтед" екі бапкермен келіссөз жүргізді

©

"Манчестер Юнайтедтің" спорт директоры Джон Мертон команданың бас бапкері қызметіне үміткер екі маманмен кездесті.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, клуб Люсьен Фавр және Руди Гарсиямен байланысқа шыққан. Екі жаттықтырушы да қазір жұмыссыз жүр.

Сондай-ақ, "Манчестер Юнайтед" басшылығы испаниялық маман Эрнесто Вальвердемен де келіссөздер жүргізді деген ақпарат бар.

"Манчестер Юнайтед" 21 қарашада Оле Гуннар Сульшердің бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлаған еді. Оның міндетін қазір уақытша Майкл Кэррик атқаруда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар