"Манчестер Юнайтед" басшылығы Сульшерге уақыт берді
"Манчестер Юнайтед" басшылығы Уле-Гуннар Сульшерге қызметін сақтап қалу үшін уақыт берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап.
"Манчестер Юнайтед" басшылығы Уле-Гуннар Сульшерге қызметін сақтап қалу үшін уақыт берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап.
Дегенмен уақыттың де шектеуі бар. Мәселен норвегиялық маман алдағы үш матчта жақсы нәтиже көрсетуі тиіс. 30 қазанда премьер-лигада "Тоттенхэммен" кездессе, келесі аптада Чемпиондар Лигасында Италияның "Аталантасына" қонаққа барады. Содан кейін ішкі біріншілікте "Манчестер Ситимен" жолығады. Осы ойындарда құрамында Криштиану Роналдуы бар "Юнайтед" клуб басшылығына Сульшердің мықты бапкер екенін дәлелдеу керек.
Британиялық баспасөз беттерінде "қызыл сойқандарды" Антонио Конте жаттықтыруы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Тіпті италиялық маман ағылшын командасымен жұмыс істеуіне қарсы еместігін білдірген.
Алдағы уақытта 48 жастағы Сульшер жақсы нәтиже тіркей алмаса, қызметінен кетуі мүмкін.
Еске салайық, "МЮ" Англия біріншілігінде 9 турдан кейін 14 ұпаймен жетінші орында тұр. Өткен айналымда "Олд Траффордта" "Манчестер Юнайтед" Юрген Клопттың "Ливерпуліне" 0:5 есебімен ойсырай ұтылған болатын.
Жарнама