"Манчестер Юнайтед" бапкері Роналду жайлы ойын айтты

7 желтоқсан 2022 18:38
©football24.u

"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Эрик тен Хаг шабуылшы Криштиану Роналду жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Роналду? Ол біздің клубтан кетті. Ол енді жоқ. Енді тек алға жылжуымыз керек. Біздің командада онсыз да жақсы ойыншылар жеткілікті", - дейді Хаг The Sun сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, 37 жастағы форвард даулы сұхбатынан кейін "қызыл сойқандар" сапынан кеткен еді. Қазір ол әлем чемпионатында доп теуіп жүрген ресми клубы жоқ жалғыз ойыншы атанып отыр.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport