"Манчестер Юнайтед" АПЛ-да "Ливерпульді" ұтты

©МЮ

Англия чемпионатының үшінші турында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Ливерпульді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турдың орталық матчында "қызыл сойқандар" үш ұпай олжалап, маусымдағы алғашқы жеңісін атап өтті. Әйгілі "Олд Траффорд" стадионында "Манчестер Юнайтед" сапында Джейдон Санчо (16-минут) мен Маркус Рэшворд (53) көзге түссе, қонақтардан Мұхаммед Салах (81) есеп айырмасын қысқартты.

Алаң иелері осыған дейін бірінші турда "Брайтонға" (1:2) және екінші айналымда "Брентфорда" (4:0) есе жіберген еді. Осылайша, голландиялық Эрик тен Хаг ағылшын командасының бас бапкері ретінде алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Ал Юрген Клопп шәкірттері болса АПЛ маусымында бірінші рет ұпайдан қағылды. "Мерсисайдтықтар" да биылғы біріншілікті сәтті бастады деп айтуға келмес. Себебі бірінші турда "Фулхэммен" (2:2) тең түссе, өз алаңында "Кристал Пэласты" (1:1) ұта алмады.

Турнир кестесінде екі ұпайы бар "Ливерпуль" 16-орында, "қызыл сойқандар" үш баллмен 14-сатыға жайғасты. Тоғыз ұпайы бар "Арсенал" әзірге жеке-дара көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport