"Манчестер Юнайтед" ӘЧ-ден кейін бірінші матчте қарсыласын ойсырата ұтты

28 желтоқсан 2022 10:38
©"Манчестер Юнайтед" ФК

"Манчестер Юнайтед" Катрадағы ӘЧ-ден кейін Англия чемпионатының бірінші ойынында "Ноттингем Форест" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

17-тур матчі Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Маркус Рэшфорд (19-минут), Антони Марcьяль (22) және Фред (87) гол салды.

Осы жеңістен кейін "МЮ" 29 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынын нығайта түсті, ал "Ноттингем Форест" 13 баллмен 19-орында келеді.

31 желтоқсанда өтетін келесі турда "МЮ" сырт алаңда "Вулверхэмптонмен" ойнайды. Ал 1 қаңтар "Ноттингем Форест" өз алаңында "Челсимен" матч өткізеді.

Еске салайық, қараша айында "Манчестер Юнайтед" сапынан Криштиану Роналду кетіп қалған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport