"Манчестер Юнайтед" Катрадағы ӘЧ-ден кейін Англия чемпионатының бірінші ойынында "Ноттингем Форест" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
17-тур матчі Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Маркус Рэшфорд (19-минут), Антони Марcьяль (22) және Фред (87) гол салды.
Осы жеңістен кейін "МЮ" 29 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынын нығайта түсті, ал "Ноттингем Форест" 13 баллмен 19-орында келеді.
31 желтоқсанда өтетін келесі турда "МЮ" сырт алаңда "Вулверхэмптонмен" ойнайды. Ал 1 қаңтар "Ноттингем Форест" өз алаңында "Челсимен" матч өткізеді.
Еске салайық, қараша айында "Манчестер Юнайтед" сапынан Криштиану Роналду кетіп қалған болатын.