Англия Премьер-лигасының он турынан кейін "Манчестер Юнайтед" еншісінде небәрі бір жеңіс бар, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оныншы тур аясында өз алаңында "Астон Вилламен" ойнаған манкуниандықтар 4:4 есебімен тең түсті.
Opta мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" Англия жоғары дивизионында былтырғы маусымды үздік үштікте аяқтап, келесі чемпионаттың алғашқы он турында бір ғана жеңіске жеткен соңғы 73 жылдағы алғашқы команда болып тұр екен. Соңғы рет мұндай жағдай 1953/54 жылғы маусымда тіркелген. Ол кезде үздік үштікке енген Лондонның "Арсеналы" осындай нәтиже көрсетіпті.
Сегіз ұпай жинаған "Манчестер Юнайтед" турнир кестесінде төмен сырғып, төменгі лигаға түсіп қалу аймағына (18-орын) жетті. Ұлттық құрамалардың халықаралық үзілісі кезінде клуб бұл орында кемінде екі апта болады. Бұл - команданың 1986 жылдың күзінен бергі турнир кестесіндегі ең нашар көрсеткіші.
Жарнама