"Манчестер Юнайтед" Англия чемпионатының 32-турында "Лидстен" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапында Ноа Окафор дубль авторы атанды (5 және 29-минуттар). Ал "Юнайтед" қатарында Каземиро 69-минутта гол соқты.
Айта кетерлігі, алаң иелері матчтың бір бөлігін аз құрамда өткізді. 56-минутта қорғаушы Лисандро Мартинес алаңнан қуылды - ол доп үшін күрес кезінде "Лидс" шабуылшысы Доминик Калверт-Льюиннің шашынан тартып, тікелей қызыл қағаз алды.
Осылайша, манкуниандықтар өз алаңындағы бірден екі сериясын үзіп алды: жеңіліссіз және жеңісті серияларын.
"Манчестер Юнайтедтің" АПЛ-дегі өз алаңындағы жеңіліссіз сериясы тоғыз матчқа созылған еді. Осы аралықта команда алты рет ұтып, үш рет тең түсті.
Ал өз алаңындағы жеңісті сериясы бес матчқа жеткен болатын. Соңғы рет "қызыл сойқандар" өз алаңында 2025 жылдың 24 қарашасында "Эвертоннан" ұтылған еді.
Сонымен қатар, "Манчестер Юнайтед" "Лидс" командасынан "Олд Траффордта" 1981 жылдан бері алғаш рет ұтылып отыр. Бұған дейін олар 1981 жылдың ақпанында йоркширлік клубтан 0:1 ұтылған болатын.
Қазіргі таңда "Манчестер Юнайтед" 55 ұпаймен Англия премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Ал "Лидс" 36 ұпаймен 15-орында орналасқан және чемпионаттағы алты матчқа созылған жеңіссіз сериясын үзіп отыр.
Жарнама