auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Манчестер Ситиге" оңбай ұтылған "Лестер" өз алаңында "Ливерпульден" басым түсті

"Манчестер Ситиге" оңбай ұтылған "Лестер" өз алаңында "Ливерпульден" басым түсті
©Getty Images

Англия чемпионатының 20-турында "Лестер" мен "Ливерпуль" клубтары кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Кинг Пауэр" стадионында өткен матч алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды Адемула Лукмен соқты. Бір қызығы, 56-минутта Хамза Чоудхериді алмастырған Лукман араға үш минут салып Алиссон Бекер қақпасының саңылауын тапты. Ал бірінші таймда Мұхаммед Салах пенальтиден есеп аша алмады.

Осылайша, Юрген Клопп баптайтын "Ливерпуль" биылғы маусымда Англия чемпионатында екінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр. Осыған дейін "қызылдар" 11-турда қонақта "Вест Хэмге" 3:2 есебімен есе жіберген еді.

Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын 19-турда кездескен "Манчестер Сити" мен "Лестер" арасында матчта тоғыз гол салынды. Оның үшеуін Пеп Гвардиола шәкірттері соққанын айта кеткен жөн.

Енді турнир кестесінде 47 ұпайы бар "Манчестер Сити" көш бастап тұрса, 41 ұпай жинаған "Ливерпуль" екінші орынға жайғасқан.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама