1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:34
 

"Манчестер Ситидің" ЧЛ-дегі матчі сенсациямен аяқталды

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Ситидің" ЧЛ-дегі матчі сенсациямен аяқталды ©

Норвегиялық «Буде-Глимт» командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда ағылшындық «Манчестер Ситиді» ұтып кетіп сенсация жасады, деп хабаралайды Vesti.kz.

blog.share

Норвегиялық «Буде-Глимт» командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда ағылшындық «Манчестер Ситиді» ұтып кетіп сенсация жасады, деп хабаралайды Vesti.kz.

Норвегияның Буде қаласындағы «Аспмюра» стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда-ақ алаң қожайындары басымдыққа ие болды. Каспер Хег небәрі екі минуттың ішінде - 22 және 24-минуттарда дубль жасады.

Екінші таймда (58-минутта) Йенс-Петтер Хеуге есепті еселей түсті. Араға екі минут салып, Райан Шерки бір голмен жауап қайтарып, «Ситиді» ойсырай жеңілуден сақтап қалды. Сонымен қатар, 62-минутта ағылшын клубының ойыншысы Родри алаңнан қуылды.

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов «Манчестер Сити» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, матчты соңына дейін өткізді.

Қазіргі таңда 13 ұпайы бар «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жалпы турнир кестесінде 7-орында тұр. Ал 6 ұпай жинаған «Буде-Глимт» 27-сатыға жайғасты.

28 қаңтардағы келесі турда «Манчестер Сити» өз алаңында түркиялық «Галатасараймен», ал «Буде-Глимт» сырт алаңда мадридтік «Атлетикоммен» ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!