Футбол
Бүгін 10:57

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Холандтың орнына ойыншы тапты

©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

"Манчестер Сити" клубының бас бапкері Энцо Мареска шабуылшы Антуан Семеньоның алаңға оралу мерзімі туралы айтып, Фил Фоденді орталық шабуылшы позициясында пайдалану мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Маманның айтуынша, Семеньо Англия чемпионатында "Ипсвич Таунға" қарсы өткен матчта (3:2) тізесінен алған жарақатына байланысты шамамен сегіз аптаға дейін алаңнан тыс қалуы мүмкін. Бастапқыда жарақат әлдеқайда ауыр болуы ықтимал деген қауіп болған. Алайда тексеру нәтижесі бұлшықеттердің зақымданбағанын көрсетті.

Сондай-ақ Эрлинг Холандтың Чемпиондар лигасының алдағы турында грекиялық АЕК-ке қарсы матчқа қатысуы да әзірге белгісіз. Норвегиялық шабуылшы "Ипсвичпен" кездесуде табаны мен тобығы ауырсынып қалған ұқсайды.

"Ол матчқа дайын болуы мүмкін, бірақ оны көре жатармыз. Кеше жағдайы біршама жақсы болды. Бүгін жаттығу өткіземіз, содан кейін шешім қабылдаймыз", - деп береді Маресканың сөзін AOL.

Бапкер Холанд алаңға шыға алмаған жағдайда оның орнына Фил Фоден ойнауы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Ағылшын футболшысы бұған дейін орталық шабуылшы позициясында өнер көрсеткен.

"Фил - ауыстыруы ықтимал ойыншылардың бірі, бірақ, жалғыз ғана емес. Ол бұған дейін осы позицияда ойнаған және тағы да ойнай алады. Қазіргі уақытта біздің негізгі орталық шабуылшымыз - Эрлинг", - деді маман.

"Манчестер Сити" мен АЕК арасындағы матч 20 қазанда өтеді. Ағылшын клубы Чемпиондар лигасының алдыңғы турында "Пари Сен-Жерменнен" (2:4) ұтылғаннан кейін жанкүйерлер алдында беделін қайтаруға тырысады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport