Футбол
Бүгін 16:09
 

"Манчестер Ситиде" Холандты ауыстыру қажетілігі айтылды

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Ситиде" Холандты ауыстыру қажетілігі айтылды ©depositphotos.com/operations@newsimages.co.uk

Ағылшындық "Манчестер Сити" клубының бас бапкері Энцо Мареска норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холандқа маусым барысында демалыс қажет болатынын айтты. Сондықтан форвард команданың барлық матчында негізгі құрамда алаңға шықпайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ағылшындық "Манчестер Сити" клубының бас бапкері Энцо Мареска норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холандқа маусым барысында демалыс қажет болатынын айтты. Сондықтан форвард команданың барлық матчында негізгі құрамда алаңға шықпайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мареска Холандқа көбірек демалыс бермек

26 жастағы футболшы маусымды керемет күйде бастады. Ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) алғашқы үш турында үш гол соғып, әр кездесуді негізгі құрамда ойнады. Алайда енді тығыз күнтізбеге Чемпиондар лигасы мен Англия лигасы кубогінің матчтары қосылады. Осыған байланысты бапкерлер штабы футболшының ойын уақытын ұтымды бөлуді жоспарлап отыр.

Итальялық маман маусым енді басталғандықтан, Холандты үнемі ротациясыз ойнатуды жоспарламайтынын және команда алдында көптеген матч тұрғанын атап өтті.

"Эрлингті қорғауымыз керек, өйткені маусым өте ұзақ. Оған демалыс беру қажет болатын матчтар өтеді", - деп береді Маресканың сөзін The Touchline.

Семеньо мен Фоден норвегиялық футболшыны алмастыра алады

Бас бапкердің айтуынша, Холандқа нақты қай кезде демалыс берілетіні қарсыласқа және матч жоспарына байланысты шешіледі.

Мареска норвегиялық шабуылшы болмаған жағдайда оның позициясында ойнай алатын футболшыларды да атады.

"Холандты кім алмастыра алады? Бұл ойын жоспарына және нақты матчқа байланысты. Антуан Семеньо орталық шабуылшы позициясында ойнай алады. Сондай-ақ Фил Фоденнің бұған дейін жалған "тоғыздық" рөлінде ойнағанын білемін. Барлығы жағдайға байланысты", - деді "қалалықтар" командасының бас бапкері.

Холанд 2022 жылдан бері "Манчестер Сити" сапында өнер көрсетіп келеді. Норвегиялық шабуылшы дортмундтық "Боруссиядан" 60 миллион еуроға ауысқан. Оның ағылшындық клубпен келісімшарты 2034 жылға дейін жарамды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!