Футбол
30 мамыр 2021 08:40

"Манчестер Ситиді" ұтқан "Челси" тарихта екінші рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

Сурет: Football.ua

Лондондық "Челси" финалда "Манчестер Ситиді" ұтып, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші кездесу Португалияның Порту қаласындағы "Драгау" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз голды "Челси" жартылай қорғаушысы Кай Хаверц 42-ші минутта салды.

Осылайша, "Челси" өз тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.