"Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы Жоау Канселуға қастандық жасалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қарулы төрт қарақшы 27 жастағы футболшының үйіне шабуыл жасап, тонап кетпекші болған. Алайда португалиялық ойыншы қарсылық танытқан. Соның өзінде арам пиғылды ұрылар бағалы заттарды алып кеткен.
"Өкінішке қарай маған және менің отбасыма төрт қарақшы жабылып кетті. Мен үшін ең маңыздысы – менің отбасым. Ең бастысы олар дін-аман. Оларға қарсылық таныта білдім. Соның өзінде қарақшылар бағалы әшекейлерімді тонап, бетіме жарақат салып кетті. Мұндай адамдардың қалай жер басып жүргеніне таңым бар", - деп жазады Канселу Инстаграм парақшасының сторис бөлімінде.
Қазіргі таңда Португалия құрамасының ойыншысы полиция қызметкерлеріне қылымкерлерді табуға көмектесіп жатыр.