"Манчестер Сити" Мессиді айырбастап алатын үш ойыншы дайындады

Сурет: ©Reuters
"Манчестер Сити" аргентиналық шабуылшы Лионель Месси үшін "Барселонаға" 100 миллион еуро ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Diario Sport газетіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, англиялық команда 100 миллионнан бөлек Мессидің трансфері үшін форвардтар Габриэль Жезус, Бернарду Силва және қорғаушы Эрик Гарсияны қосып беруге дайын. 

Мессиге көз салып отырған клубтар қатарында италиялық "Интер" мен "Ювентус", франциялық ПСЖ және англиялық "Манчестер Юнайтед" бар. Ал футболшының өзі ФИФА-дан трансферлік сертификат сұратты.

Месси - "Барселона" тәлімгері және клуб тарихындағы ең мықты бомбардир.