"Манчестер Сити" мен "Реал" Чемпиондар лигасынан "Боруссия" мен "Ливерпульді" шығарып тастады
Англиялық "Манчестер Сити" мен мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Англиялық "Манчестер Сити" мен мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
14 сәуірде "Манчестер Сити" турнир ширек финалының қарымта матчында дортмундтық "Боруссияны" сырт алаңда 2:1 есебімен жеңді. Джуд Беллингемнің 15-минутта соққан голына "Сити" Рияд Марез (55-минут, пенальтиден) бен Фил Фоденнің (75) голымен жауап қатты.
"Манчестер Сити" қақпасына гол соққан 17 жастағы Беллингем "Боруссия" тарихында Чемпиондар лигасында көзге түскен ең жас ойыншы атанды.
Бұл командалардың алғашқы кездесуі де дәл осындай нәтижемен аяқталған. Осылайша, "қалалықтар" екі ойын қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңді.
Ал "Реал" сырт алаңда "Ливерпульмен" тең түсті - 0:0. Бұл командалардың алғашқы кездесуінде мадридтік клуб 3:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, "Реал" жартылай финалға жолдама алып отыр.
Бұған дейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына ПСЖ мен "Челси" шыққан болатын. Жартылай финалда ПСЖ "Манчестер Ситимен", "Реал" "Челсимен" кездеседі. Бұл матчтар 27, 28 сәуір мен 4, 5 мамырға жоспарланған.
Жарнама