"Манчестер Сити" командадан кететін Серхио Агуэроның ізбасарын таңдады

Сурет: Sportbox

Англиялық "Манчестер Сити" футбол клубы дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып алмақ.

The Telegraph ақпаратынша, англиялық клуб басшылығы 20 жастағы норвегиялық ойыншы, маусым соңында командадан кететін Серхио Агуэроның орнын басады деп сенеді.

"Манчестер Сити" Холанд үшін "Реал", "Манчестер Юнайтед" және "Челси" тарапынан болатын бәсекеге де дайын. 

Осы маусымда "Боруссия" форварды Бундеслиганың 21 матчінде 21 гол салды.

Сонымен қоса, "Манчестер Сити" өздерінің "Этихад" стадионы маңында Агуэроға ескерткіш қоймақ. Бұл туралы директорлар кеңесінің төрағасы Халдун Аль-Мубарак мәлімдеді.