"Манчестер Сити" Холандтың арқасында камбэк жасады

15 қыркүйек 2022 05:50
©mancity.com

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" екінші тур аясында Дортмундтың "Боруссиясын" қабылдады. "Этихад" стадионындағы матчта есепті немістер ашты.

Джуд Беллингем 56-минутта дортмундтық жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. Алайда жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Негізгі уақыттың аяқталуына 10 минут қалғанда Джон Стоунз таразы басын теңестірсе, Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд 84-минутта бұрынғы командасының қақпасына гол соқты. Қорытынды есеп 2:1.

Осы жеңісінен кейін "Манчестер Сити" 6 ұпаймен көш басына шықты. "Боруссия" 3 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. "Копенгаген" мен "Севилья" тең түсіп, турнирдегі алғашқы ұпайларын олжалады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport