Чемпиондар лигасының 4-турында "Копенгаген" мен "Манчестер Сити" тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дания астанасында өткен ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Матчтың 30-минутында Серхио Гомес дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Нәтижесінде "қалалықтар" бір ойыншыға кем қалды.
Сонымен қоса, Хосеп Гвардиола командасының сапында Эрлинг Холанд тек қосалқы құрамда отырды. Испаниялық бапкер Холандты кездесу соңына дейін алаңға шығармады.
"Манчестер Сити" G тобында "Дортмунд", "Севилья" және "Копенгаген" клубтарымен сынға түсуде.