"Манчестер Сити" Холандпен келісімшартты үзбек

©"Манчестер Сити"

Англиялық "Манчестер Сити" шабуылшы Эрлинг Холандпен келісімшартты тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Star.

Бұл норвегиялық футболшымен жаңа келісім жасау үшін қажет.

Холанд АПЛ-дегі жеті матчте 11 гол салып, осы маусым рекордын жаңартуға аз қалды. 

22 жастағы форвардтың қазіргі еңбекақысы аптасына 375 мың фунт. Осылайша, ол бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брейнемен бірге айлығы ең жоғары ойыншы болып отыр.

"Ман Сити" көктемде Холандтың айлығын көтеретін жаңа келісімшарт ұсынбақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport