Футбол
Кеше 15:37

"Манчестер Сити" Гвардиоланың орнына келетін бапкерді тапты

©"Манчестер Сити" ФК

Англиялық "Манчестер Сити" клубы жаңа бас бапкерін таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Команданы лондондық "Челси" клубының бұрынғы жаттықтырушысы Энцо Мареска тізгіндейді.

Инсайдер әрі журналист Фабрицио Романо мәліметінше, тараптар ынтымақтастық шарттарын ауызша түрде келісіп қойған.

Айта кетейік, италиялық маман ұзақ уақыт бойы "қалалықтардың" бас бапкерлік қызметіне негізгі үміткер саналып келген. Ол бұл қызметте Хосеп Гвардиоланің орнын басады.

Жақын күндері Энцо Мареска "Манчестер Сити" клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.

Маресканың тәжірибесі

46 жастағы маман бұған дейін де "Манчестер Сити" жүйесінде жұмыс істеген. Ол 2022-2023 жылдары Хосеп Гвардиоланің көмекшісі болды, сондай-ақ, клубтың жастар командасын жаттықтырған.

Сонымен қатар, Мареска "Лестер Сити", "Вест Хэм Юнайтед" және "Севилья" клубтарында қызмет атқарған.

Оның соңғы жұмыс орны "Челс"и болды. Лондондық клубты ол 2024 жылдың шілдесінен 2026 жылдың қаңтарына дейін жаттықтырды.

Маресканың жетекшілігімен "көктер" Конференциялар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.


Гвардиола маусым соңында кетеді

Бұған дейін Хосеп Гвардиоланің маусым аяқталған соң "Манчестер Сити" клубынан кететіні хабарланған болатын.

Ресми мәлімдеме АПЛ-дің 38-туры аясындағы "Астон Вилла" командасына қарсы ойыннан кейін жасалады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта "қалалықтар" Англия премьер-лигасының чемпиондығы үшін "Арсенал" клубымен талас жүргізіп жатыр. Манчестерлік ұжым лондондықтардан бес ұпайға қалып келеді, бірақ бір ойыны артық.



 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport