"Манчестер Сити" финалға бір қадам жақындады

mancity

"Манчестер Сити" Чемпиондар Лигасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Пеп Гвардиола командасы ширек финалда "Атлетико" клубымен кездесті. "Этихадтағы" матчта ағылшындар бір голдың арқасында жеңіске жетсе, қарымта ойында "Ванда Метрополитаноға" жиналған 67 мың жанкүйер гол көре алмады.

Кездесу барысында "Манчестер Сити" 10 соққының тек біреуін қақпаға дәл бағыттаса, алаң иелері 13 соққы жасап үш рет қақпаға дәл тигізді.

Осылайша, қос кездесу нәтижесі бойынша жеңіске жеткен (1:0) ағылшын командасы жартылай финалда Мадридтің тағы бір клубымен кездеседі. Бұл жолы Чемпиондар Лигасын 13 рет ұтқан "Реал" болмақ.

27 сәуірде бірінші ойын Тұманды Альбионда өтеді деп жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар