Англиялық "Манчестер Сити" клубы вингері Джек Грилишке жаңа команда тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Грилиш АПЛ-де қалатын болды
Фабрицио Романоның мәліметінше, "қалалықтар" футболшыны бір маусымға жалға беру туралы "Эвертонмен" келісімге келген.
1 қыркүйекте Грилиш медициналық тексеруден өтеді. Осыдан кейін трансфердің ресми түрде жарияланбақ. Қазіргі таңда "Эвертон" АПЛ турнирлік кестесінде екі турдан кейін төрт ұпаймен жетінші орында тұр. Ал "Манчестер Сити" көш бастап келеді.
"Эвертонға" екінші рет жалға беріледі
Грилиштің өзі де "иристер" сапына ауысуға келісімін берген.
Англиялық футболшы өткен маусымда да "Эвертон" сапында жалға ойнаған. Ол барлық турнирде 22 матч өткізіп, екі гол соғып, алты нәтижелі пас берген.
Клуб тарихындағы рекордтық трансфер
30 жастағы Грилиш 2021 жылы Бирмингемнің "Астон Вилла" клубынан "Манчестер Ситиге" 117 миллион еуроға ауысқан. Бұл сома әлі күнге дейін клуб тарихындағы рекордтық трансфер болып отыр. "Қалалықтардың" тарихындағы ең қымбат футболшының келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Transfermarkt мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтағы құны шамамен 20 миллион еуроны құрайды.
Жарнама