"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының финалына шықты

Сурет: Sportbox

Англиялық "Манчестер Сити" франциялық "Пари Сен-Жермен" клубын ұтып, Чемпиондар лигасының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/2 финалдық қарымта матчі Манчестердегі "Этихад" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл ойында Рияд Марез дубль жасады (11 және 63-ші минут).

68-ші минуттан бастап ПСЖ азшылықта ойнады, Анхель Ди Мария қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.

Еске салайық, жартылай финалдық бірінші матч те 2:1 есебімен "Ман Сити" пайдасына аяқталған.

Чемпиондар лигасы финалындағы манчестерліктердің қарсыласы 6 мамырда белгілі болады. Бұл күні "Реал" - "Челси" ойнайды (Мадридтегі бірінші ойын - 1:1).

Жаңалықтар