Футбол
17 наурыз 2021 13:05
 
"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының 25 жыл бұрынғы рекордын қайталады

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының 25 жыл бұрынғы рекордын қайталады Сурет: "Манчестер Сити" ФК

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасы 1/8  финалдың қарымта матчінде менхенгладбахтік "Боруссияны" 2:0 есебімен ұтты. Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда екі матчті 4:0 есебімен аяқтап, ширек финалға өтті. 

Осылайша, англиялық команда биылғы Чемпиондар лигасындағы сегіз матчте қақпасына бір рет қана доп жіберіп алды. Sport24 мәліметінше, бұл сегіз ойында ең аз гол өткізген команда. 

"Манчестер Сити" осы ойын қорытындысы бойынша 1995/96 маусымындағы "Аякс" рекордын қайталап отыр. Голландиялықтар ол кезде сегіз ойында бір гол ғана жіберіп алған еді.

Айта кетейік, 1/8 финалдың өзге матчінде мадридтік "Реал" өз алаңында италиялық "Аталантаны" 3:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бірінші ойында испаниялықтар 1:0 есебімен жеңген.

Жарнама

Живи спортом!