Англиялық "Манчестер Сити" мен италиялық "Наполи" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Манчестерде өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Барлық гол екінші таймда соғылды. Айта кетейік, алаң иелері екі рет есепте қалып қойып, екі жағдайда да таразы басын теңестірді. Қонақтар сапында Расмус Хейлунн (55-минут) мен Ноа Ланг (76-минут) гол соқты. Ал "Манчестер Сити" құрамынан Айюб Буадди (67-минут) мен Райан Шерки (86-минут) мергендік танытты.
"Манчестер Сити" мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов матч бойы қосалқы құрамда қалды.
"Манчестер Сити" 10 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде алтыншы орында тұр. Ал "Наполи" төрт ұпаймен 27-сатыға жайғасты.
Келесі турда "Манчестер Сити" сырт алаңда каталондық "Барселонамен" кездеседі. Ал "Наполи" өз алаңында бельгиялық "Брюггемен" ойнайды. Екі матч та 8 желтоқсанға жоспарланған.
Жарнама