"Манчестер Сити" - "Челси" арасындағы Чемпиондар лигасы финалына тікелей трансляция

Сурет: chelseablues.ru

30 мамыр түнде "Манчестер Сити" мен "Челси" арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Бұл ойында испаниялық Антонио Матеу Лаос төрелік етеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Порту қаласындағы "Драгау" стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00. Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.