Футбол
13 мамыр 2022 17:45
 

"Манчестер Сити" "Барселона" футболшысына көз тікті

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Сити" "Барселона" футболшысына көз тікті ©Reuters

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ESPN порталы.

blog.share

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ESPN порталы.

Дереккөздің мәліметінше, "Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиоланың жеке өзі 25 жастағы голландиялық футболшыға қызығушылық танытуда. Испаниялық маман жартылай қорғаушыны 2019 жылы "Аякста" жүрген кезінде сатып алуға тырысқан екен.

Бұған дейін Жерар Ромеро де Йонгты "Манчестер Юнайтедтің" 80 миллион еуроға сатып алатынын хабарлаған болатын.

Осы маусымда Де Йонг "Барселона" үшін 45 ойынға қатысып, 4 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушының каталондық клубпен келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!